«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Композиторға арналған кеш

0 8

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­да композитор Ғазиза
Жұбанованың мерейтойына арналған кеш өтті. Мерейтойлық іс-шараға Ғазиза Жұбанованың
туыстары мен жақындары, мәдениет қайраткерлері қатысты. Тыңдармандар симфониялық оркестр мен орындаушының әрбір концерттік нөміріне ерекше ықылас білдірді.

WhatsApp Image 2022-06-27 at 11.53.34 AM

 

– Ұжымға Ғазиза Жұбанова сынды асқан шебердің туындыларын орындау – үлкен мәртебе. Себебі орындаушыларға
Ғазиза Ахметқызының музыкасы үлкен шабыт береді, – деді симфониялық оркестрдің көркемдік
жетекшісі Берік Батырхан.

Оркестрмен фортепианоға арналған концертті Ғазиза Жұбанованың немересі Карина Измаилова орындады. Мектеп жасында ол әжесінің пьесаларын ойнап, Мәскеу консерваториясында шығармаларын орындаған.

– Филармонияда әжем
Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған концерт өтетініне өте қуаныштымын. Бұл мерейтойды бүкіл Қазақстан бойынша атап өту – музыка әлеміндегі үлкен оқиға, – деді ол.

Кеш барысында «Мерекелік увертюра», «Сарыөзек метафоралары», №3 симфониясы және оркестрмен фортепианоға арналған концерт орындалды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды