Коммуналдық тарифтер көтерілмейді

0 105

Анатолий Шкарупа, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары:

– Наурыз айында коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгере ме?
– Жалпы, тарифтерді бекіту заң­на­ма талаптарына сәйкес қатаң жү­зе­­ге асырылады. Өз кезегінде заң­­на­­ма тұтынушылардың құқығын қор­­ғауға бағытталған және тарифтерге енгізілетін шығындар бойын­­ша қатаң шектеулерді қамтиды. Бұл ерекше тәртіп деп аталады жә­­не агенттіктің негізгі құжаты болып са­­налады. Наурыз айындағы та­­риф­­терге тоқталсам, электр энер­­гия­­сы, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау тарифтері көтерілмейді.

– Халық дизельді отынның бағасы өзгеруі мүмкін дейді. Бұл шындыққа қаншалықты жанасады?
– Бүгінде Аи-80 маркалы отын­ның литрі – 89 теңге, Аи-92 – 110 теңгені құрайды. Қазіргі кезде ди­­зельді отынды Қазақстаннан тысқа шы­­ғару тәуекелі ескеріле отырып, Мұнай және газ министрлігінің ұсы­­нысы бойынша дизельдік отын­­ның бөлшек саудадағы бағасының дең­­гейі қайта қаралды. Яғни, 8 па­­йызға, 1 литр үшін 102 теңгеге дейін өзгерді.

– Бұл мәселе мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатумен айналысушыларды алаңдатады деп ойламайсыз ба?
– Әрине, алаңдатады. Сондықтан, елімізде мұнай өнімдерінің көтерме бағасына мемлекеттік реттеу шараларын енгізу жоспарлануда.
Біз де жанармай сатушылары қауымдастығымен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз. Аталмыш мәселе Мұнай және газ министрлігінің ведомствоаралық комиссиясының отырысында көтерілген. Соған орай, көтерме саудадағы мұнай бағасын реттеу жөніндегі ұсыныс­тар қолдау тауып отыр. Ендігі міндет – осы мәселені заңнама аясында бекітуде болып тұр. Қазіргі күні көтерме саудадағы бағаны реттеуді қарастыратын заң жобасын әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Жалпы, бүгінгі күні бұл мәселедегі алшақтық қауіпті дең­гей­де және көтерме бағаның қандай да бір құбылуы бөлшек сауда ойыншы­ларын бірден құрдымға кетіріп, банкрот жасауы ықтимал.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =