«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Коммуналдық қызметте кідіріс жоқ

0 159

Астанада бірнеше күн бұрын қар жауып, арты жаңбырға ұласқан болатын. Соның салдарынан көшелер мен тротуарлар көктайғаққа айналды. Өз кезегінде елорда әкімдігі 17-19 қазан күндері Астана қаласы мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 17-19 қазан аралығында Астанада көктайғақ, тұман болады, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соғады.
Астана әкімдігінің хабарлауын­ша, қаланың коммуналдық қыз­­меті қыс маусымына са­қадай сай. Қазіргі уақытта елорда көшелерін қардан тазарту үшін 2 мыңнан аса техника дайын тұр. Ал қаланы тазалау жұмыстарына 2500 жұмысшы жұмылдырылады. Яғни, Алматы ауданына – 578, Байқоңыр ауданына – 283, Есіл ауданына – 526, Сарыарқа ауданына – 437 арнайы техника қарастырылған. Қорыта айтқанда, елордалық коммуналдық қызметте кі­ді­ріс жоқ. Бір айта кетерлігі, бас қаламызда әр ауланың таза­лығымен ПИК емес, аудан әкімдігі тікелей айналысады.
Астанада дауылды ескерту жарияланғаннан кейін жұ­мысшылар таңалакеуімнен қызметтеріне кірісті. Көктай­ғақтың алдын алу үшін біраз көшеге құм аралас тұз себілді. Синоптиктердің болжамы бо­йынша, биылғы қыс елімізде ерте түсіп, ерекше қарлы бол­мақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды