Көмір тегін беріледі

0 27

Елорда тұрғындарының кейбір санаттарына көмір сатып алуға әлеуметтік көмек беріледі. Жан басына шаққандағы табысы 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен (176 312 теңге) аспайтын, басқа тұрғын үйі жоқ, пешпен жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын және оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға сондай көмек көрсетіледі. 

images

Бұл көмекті Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы береді. Аталған өтемақы жылыту маусымында 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде жүргiзiледi (46 672 теңге). Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Карантиндік шараларды сақтау мақсатында 15 қазаннан 15 сәуірге дейінгі жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электрондық үкіметтің www.egov.kz Web порталы арқылы немесе Достық көшесі, 13-үйдегі қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, сонымен қатар Бейбітшілік көшесі, 14-үйдегі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына қажетті құжаттарды ұсынады. Толық кеңес алу үшін аталған басқарманың мына телефондарына хабарласуға болады:  Сарыарқа ауданы бойынша: 55-14-87, 8-702-546-86-95,  8-701-621-62-99, 8-702-265-43-28, Алматы ауданы бойынша 55-01-74, 8-701-734-83-74, Есіл ауданы бойынша: 55-74-50, 8-771-804-16-25; Байқоңыр ауданы бойынша: 55-72-32, 8-705-468-50-01.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + seventeen =