Көмір қоры жеткілікті

0 11

Нұр-Сұлтан қаласының жеке сектор тұрғындары үшін көмірдің жеткілікті көлемі жеткізілді. «Қатты отынның жалпы қоры 2 қазандағы жағдай бойынша 10 570 тоннаны құрайды. Елордаға 1 маусым мен 5 қазан аралығында 1962 вагон, яғни 136 561 тонна көмір келді. Оның ішінде қыркүйек айында 44 вагон немесе 2967 тонна «Майкөбе» көмірі, 6 вагон немесе 414 тонна «Қаражыра» көмірі» деп хабарлады елорданың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.Елордалықтар қатты отынды он бір сату нүктесінен ала алады, олар келесі мекенжайларда орналасқан: Герцен, 4/1, 40-ст.; Герцен, 6 Б; Көктал, 28/1; Жұбанов, 35; Литейная, 44; Дулатов, 182/1, Центр бетон; Жабаев, 68, Мақат, 40. Орташа баға көмір сортына қарай және жеткізу қызметін қоспағанда, 9500 теңгеден 13000 теңгеге дейін. Сонымен, бір тонна «Шұбаркөл» көмірі – 12750 теңгеден, «Қаражыра» – 12700, «Майкөбе» – 13000, «Богатырь» 9500 теңгеден сатылуда. Қатты отын бағасы, түрлері мен мөлшері туралы толық ақпаратты 109 сенім телефоны арқылы алуға болады.
Отын алдын ала сатып алынып, қараңғы және құрғақ жерде сақталса, қасиеттерін жоғалтпайды. Басқарманың мәліметі бойынша, қыста елордада орта есеппен 500 мың тонна көмір тұтынылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 5 =