Көмір қайда сатылады?

0 13

Елордада көмір сататын нүктелердің мекенжайы анықталды. Қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етілуде.

Қаладағы жеке сектор тұрғындарына жылыту маусымына алдын ала дайындалып, суық түскенге дейін қажетті мөлшерде көмір сатып алу қажеттігі ескертіледі.
Қалада көмір тасымалдайтын 7 компания, түрлі аудандарда орналасқан отын сататын 11 нүкте бар. Көмірдің орташа бағасы сор­тына байланысты 12 мың теңгені құрайды. Отынның бағасы мен мөлшері туралы толық ақпаратты 109 жедел желі нөмірі арқылы білуге болады.
«Бүгінгі таңда қалада көмір сату бойынша 11 орын бар, онда жеті компания өз қызметін ұсынады. Аталған учаскелерде көмірдің бағасы белгілі бір марка бойынша тіркелді, яғни басқарма және осы компаниялар бағаның өсуіне жол бермеу үшін меморандумдар жасады. Бізде күн сайын 20 мың тонна көлемінде көмір қоры сақталады. Әзірге дүрлігу жоқ, тұрғындарға көмір бірдей бөліну үшін көмір сатып алуды қазірден бастаған жөн» деп атап өтті қалалық «Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының» отын-энергетикалық ресурс­тар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.
Атап айтқанда, көмір сату нүктелері мына мекенжайлар бойынша орналасқан: Герцен, 4/1, 40-ст.; Герцен, 6 Б; Көктал, 28/1; Жұбанов, 35; Литейная, 44; Жабаев, 68; Мақат, 40.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + fifteen =