«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көмек емес, еңбек көркейтеді

0 18

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары қандай мәселелер көтеретінін және оның шешім жолдары туралы айтты.

Без названия (3)

«Тұрғындарды қабылдауды тұрақты түрде жалғастырамыз. Өткен жылы 1,5 мың азамат қабылданды. Жыл басынан бері 50-ден астам тұрғын қабылданды. Негізгі проблемалар: тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй салу, медициналық көмек алу, жұмысқа орналастыру, елді мекендерді дамыту және т. б.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай көбейді. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер салынса, 2020 жылы 7 мың пәтер салынды. Өткен жылдан бастап бұл көрсеткішті жыл сайын 10 мыңға дейін көтеріп келеміз.

Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санатын едәуір кеңейтіп, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сол сияқты «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық.

Әлеуметтік орталықтар жұмыс істейді, олар кеңес беру қызметін көрсетеді, сондай-ақ жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға және т. б. жәрдем береді.

Тағы бір маңызды бағытты атап өткім келеді: азаматтарды қабылдау барысында қозғалған проблемаларға бір рет көмектесіп қана қоймай, алдағы уақытта да тап болмас үшін алдын аламыз. Тек қана мемлекеттік/демеушілік көмекке сене беруге болмайды. Егер адамның денсаулығы жақсы болса – жұмыс істеу керек. Осылайша ата-аналар балаларын жақсы жағдайда тәрбиелеп қана қоймай, оларға білім алып, жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша көмек көрсетіледі. Онда қайта оқытудан өтіп, жаңа мамандық алу қажет. Өткен жылы 28 мыңнан астам жұмыс орнын құрдық, оның 24 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Биыл тағы 28,5 мың жұмыс орнын ашамыз.

Азаматтарды қабылдау барысында түскен сұрақтар бойынша олардың орындалу уақытын белгілейміз» деп айтты елорда әкімі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды