«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көмегі көп «Инватакси»

0 323

Соңғы жылдары елордамызда мүгедектерге арнал­ған такси қызметінің дамуы дұрыс жолға қойылды. Со­ның айқын дәлелі – «Инватакси» қызметі. Қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, бұл мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған көлік түрі.

«Орда» Астана қаласындағы аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық ұйымының жетекшісі Салтанат Есмағамбетова мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғау еліміздегі әлеуметтік қолдаудың аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтады. «Елордамызда «Инватакси» қызметін ұсынуға, дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Қазіргі кезде мүгедек жандарды «Инватаксидің» 23 автокөлігі тасымалдайды. Соның ішінде 5 көлік арбаға таңылған жандарды («Мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі), 11 көлік мүмкіндігі шектеулі балаларды (№65 мектеп, «Мейірім» қоғамдық қоры), 7 көлік зағип мүгедектерді («Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі) баратын жеріне жеткізеді» дейді ол.
Жыл сайын шамамен 3 мыңға жуық мүгедектер арнайы көліктермен қамтама­сыз етіледі, соның ішінде 1 мыңға жуығы – балалар. «Инватакси» қызметін пайдалану үшін өтініш беру жеткілікті. Белгіленген уақыттан кешікпей келген такси мүгедек жолаушыларды емханаға, мектепке, жұмысқа және үйіне жеткізіп салады.
«Айта кетерлік жайт, зағип жандар 2014 жылдан бері «Инватакси» қызметін пайдалануға мүмкіндік алған. Өйткен себебі, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы қоғамда белсенді өмір сүреді. Олар мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарға жұмысқа орналасады» деді сөз соңында Салтанат Есмағамбетова.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды