Колонияларда өндіріс ұйымдастырылады

0 8

Ішкі істер министрі ­Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге жұмыс сапары кезінде кәсіпкерлерге өз өндірісін колонияларда дамытуды ұсынды.– Осы мекемені мысалға ала отырып, біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өз өндірісін дамытқысы келетін бизнес өкілдерін тартқымыз келеді. Мысалы, жиһаз цехын, үй мен түрлі ғимараттардың құрылысына арналған темір-бетон бұйымдарын өндіруге болады. Мұнда кәсіби техникалық училище бар. Колледж оқытушылары сотталғандарды түрлі мамандықтарға оқытады. Осы мекеменің негізінде біз қылмыс­тық-атқару жүйесінің барлық өндірістік қуатын дамытатын боламыз, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесіндегі өндірістік қызметті «Еңбек» және «Еңбек-Өскемен» РМК республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жүзеге асырады, оған елдің барлық өңіріндегі 16 филиал кіреді. Мекеменің өндірістік алаңдары түрлі салаларға бейімделген. Колонияларда металл құрылымдарын дайындау, металл және ағаш өңдеу, темір-бетон және құрылыс материалдарын шығару, тігін бұйымдары мен аяқ киім тігу, ұн және нан өнімдерін өндіру, сотталғандарды ас-сумен қамту, оларды арнайы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен және мекеме қызметкерлерін тиісті киім формаларымен қамтамасыз ету сияқты қызмет түрлері жасалады. Сондай ақ ҚАЖ кәсіпорындары шығаратын бұ­йымдардың ассортиментінде халық тұтынатын тауарлар, оның ішінде саябаққа қойылатын орындықтар, балалар ойын алаңына арналған дүниелер, қоқыс салатын бак пен жәшіктер, шам бағандары, шағын сәулет нысандары және тағы басқа бұйымдар бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + seven =