Колледждің керемет көрмесі

0 110

Астана қаласы менеджмент және бизнес колледжі М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрында «Біз EXPO-2017 халықаралық көрмесін қолдаймыз!» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесін өткізді.

Көрмеге студенттер мен оқы­ту­шылардың жұ­мыс­­тары «Дизайн», «Ті­гін өндірісі және киім­­дерді үлгі­леу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» ата­лым­дары бойынша ұсынылған. Көз алдымызда майлы бояумен салынған суреттер, гра­фика, бисерден кесте­ленген зат­тар, әйелдер аксессуарлары, сөм­­­келер, қуыр­шақ­тар, киізден жа­сал­ған бұйымдар, «Авангард» үлгі­сін­дегі ұлттық киімдер топтамасы сам­­сап тұрды. Керек­ті­­нің бәрі бар. Әсіресе, су­­рет­шілер өз туын­ды­ларында табиғатқа, ту­ған өлкесіне, қазақ халқы­ның салт-дәс­түріне оң көзқараста­рын кең дү­ние­­таным­мен айшық­­тай білген. Қазақ­стан­ды «EXPO-2017» халық­­­аралық көрме­сінде та­ныс­­тыратын жас­тар­дың шы­ғар­­ма­­шы­лық дең­­гейінің биік­тігіне сүйсіндік.

Өнер мамандықтары­ның имид­жін көтеретін тың бағытты көрме та­ма­­­­­ша­ланғаннан кейін ша­ра со­ңы колледж ұжы­­­­­мы дайын­даған концерт­­ке ұласты.

Ғали ТӨЛЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 6 =