Колледждерге қолдау көп

0 34

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «30 игі іс» шарасы мен «Жас маман» жобасы аясында қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы құзыреттілік орталығының жұмысын таныстырды.

Жиын барысында колледж түлектерінің қатысуымен аспаздық студия алаңы, мейрамхана сервисі мен арт-кофе таныстырылып, шеберлік-сыныптары өткізілді. Аталған алаңдар 2020 жылы басталған «Жас маман» жобасы аясында заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған.
Республикалық жоба аясында 2020 жылы 3 астаналық колледждің («Astana polytechnic» жоғары колледжі, қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, кәсіптік-техникалық колледж) 5 шеберханасы және 5 орта арнайы оқу орындарының зертханалары жаңғыртылды. Биыл 5 колледжді (құрылыс-техникалық, техникалық, технологиялық, сервис және туризм, көлік және коммуникациялар жоғары колледжі) заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ осы орталықта ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 11 =