©2020 Астана Ақшамы
Колледжде білім сайысы өтті
Астана қаласы ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінде мектеп оқушылары білім жарысына түсті. Онда қала мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында «ҚР экономикасының дамуындағы теңгенің рөлі» тақырыбында сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты оқушыларды тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі – теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу. Шарада сөз алған ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің директоры Сәуле Зағипарова қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар теңгенің артықшылықтары мен кемшіліктері, теңгенің әлемдік валюталармен және Орта Азия елдерінің валюталарымен байланысы жөніндегі ойларын ортаға салды. Жиын соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ