Көлікті тоқтатқанда абайлаңыз!

0 23

21 қазаннан бастап көліктердің ережесіз тоқтау және тоқтап тұру фактілері автоматты түрде тіркеледі. Яғни көлікпен кез келген жерде тоқтап тұрсаңыз, мамандандырылған көлік құралдарындағы «Дозор-М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені оны автоматты режимде тіркейтін болады. Бұдан былай көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын сақтамау қатаң қадағаланатын болды.

«Дозор-М» сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені құқықбұзушылық жасалған көлік құралдарының нөмірлерін таниды және тіркейді, GPS⁄ГЛОНАСС көмегімен нақты орын мен уақытын анықтайды. Кейін бұл бұзушылықтар туралы мәлімет ұялы байланыс модульдері арқылы келіп түседі, осы деректер негізінде әкімшілік айыппұлдар рәсімделеді. Кешен анықтаған бұзушылық фактілері үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 601-бабының 1-бөлігі бойынша 3 АЕК (8 334 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін Кодекстің 597-бабы бойынша бұзушылыққа байланысты 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.
Биыл Нұр-Сұлтан қаласы ПД қызметкерлері көлік құралдарының тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу фактісі бойынша 3 858, жол жүру бөлігіндегі талаптарды сақтамау бойынша 8878 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартқан. Жүргізушілер көліктерін тыйым салынған жерлерде қалдырады, осылайша жолда апатты жағдайлар, «кептелістер» және басқа да қолайсыздықтар туғызады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − ten =