Көліктерімізді өрттен қорғайық!

0 51

Қауіпсіздік ережесі барлық салаға, барлық жерге қатысты. Соның ішінде көлікте қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңызы зор. Өйткені статистика соңғы жылдары көлік өртінің көбейіп кеткенін байқатып отыр. Ал жолда рөлде келе жатқаныңызда, көлігіңіз де өрт шықса, көліктен бұрын өзіңізді құтқаруға тырысатыныңыз анық. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтауға тырысу керек. Автокөлікте болып жатқан өрттер, соңғы уақытта өрт сөндірушілер үшін өзекті мәселеге айналды. Сырттан әкелінген шетелдік көліктер ұзақ жыл бойы қолданыста болғандықтан және электр сымдарының тозуы, сондай-ақ, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан өртенуде.

Қасақана өрт қою фактілері де статистиканы толықтыруда. Сонымен бірге жүргізушілердің көпшілігі міндетті түрде орындалуы тиіс маусымдық профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізбейді. Автокөлікті ұзақ пайдалану және қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданудың нәтижесінде өрттің туындау ықтималдығы күшейеді. Автокөліктерді қазіргі заманға сай етіп жасау кезінде, көп жағдайларда полимерлер, пластик және басқа да синтетикалық материалдар қолданылады, олардың барлығы да тез жанғыш. Мұндай материалдар жанған кезде бөлінетін газдар аса улы. Автокөліктегі өрттердің туындау мүмкіндігін барынша азайту үшін көлік жүргізушілеріне түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары көбірек жүргізілуі керек.
Осы орайда айта кетер жайт, соңғы кездері елімізде газбен жүретін жеңіл көліктердің саны артып келеді. Автомобиль көлігін газ тәрізді отынмен жұмыс істеуге жаппай көшіруді және тұрғын үйлердің, сауда ойын-сауық орталықтарының паркингтеріндегі газдың шығу иісі анықтау бойынша азаматтардың көптеген шағымдарын ескере отырып, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 2019 жылы газ баллон жабдықтарымен жабдықталған автомобильдердің жабық тұрақтарына кіруіне тыйым салу туралы тиісті заңнамаға толықтырулар енгізді. 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №921 Үкімет қаулысына сай тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға кіріктірілген және жапсарлас салынған бөлігінде автотұрақтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай газбен жүретін көліктер кіргізілмейді. Бұл талаптар 2000 жылдан бастап, мемлекетаралық және Ұлттық құрылыс нормаларында көзделгенін атап өту қажет. Төтенше жағдайлар қызметінің талабына сай енді:
– газ баллонын тексеру мерзімі өткен көлік құралын пайдалану;
– газ жабдығы бұзылған және газдың кемуі болған кездегі қозғалтқыштың жұмысы;
– тамақтану жүйесінде газ болған жағдайда жөндеу жұмыстарымен айналысу;
– толтырылған баллонмен ГБЖ қосы- лыстарын бекіту;
– қысым мен арматураны қағу;
– ақаулы ГБЖ бар автокөлікті жабық үй-жайға қою;
– қозғалтқышты іске қосу, газбен гаражға кіру және шығу;
– ашық блоктың вентильдері бар гаражда газ баллонды автокөлікті сақтау;
– газ баллоннан және ГБЖ жүйесінен үй-жайда оталдыру;
– ГБЖ қосылыстарының герметикалығын отпен тексеру;
– ГБЖ толтыру кезінде газ толтыру шлангісінің жанында болуға тыйым салынады.
Ал алда жалда көліктен газ шығуы байқалған жағдайда:
– автокөлікті адам аз жерде тоқтату;
– жануды өшіру;
– шығыс вентильін жабу;
– жолаушыларды түсіру;
– сақтық шараларын сақтай отырып, баллоннан газды атмосфераға шығару;
– бензинге ауысу және мамандандырылған ТҚС көрсету ережелерін сақтау керек.
Ал өрт туындаған кезде – өртті дереу өшіріп, шығыс вентильін жабу;
– өрт сөндіргіштің немесе топырақтың көмегімен жануды жоюға тырысу керек.
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында көлік өрттерінің көбейіп кетуіне орай, Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар департаменті мен «ЖасОтан» жастар қанатының мүшелері көліктердегі өрттің алдын-алуға арналған үгіт-насихат шараларын жүргізді. Олар автокөлік иелеріне өртенген көліктердің суреттері салынған күнтізбелерді таратып, көше бойындағы ғимараттарға арнайы плакаттар ілді. Өрт санының көбеюі, адамдардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, электрсымдар, сигнализация, автооталдырғыш осының бәрін машинаға орнатуы салдарынан көбейіп отыр.
Қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан кезде, оттегі ағынынан жалынның өршуін болдырмау үшін автокөліктің капотын толығымен ашып тастауға болмайды. Осындай жағдайда автокөлік капотын 3-4 см ғана кішкене ашып, өрт сөндіргішті жанып жатқан аумаққа бағыттап, өрт сөндіргіш затты себу қажет. Сонымен қатар жануды тез арада табу және оны жою үшін шараларды тез арада қабылдау өте маңызды.
Бензин, күйген оқшаулағыш иісі және автокөлік капотының астынан шыққан түтін сияқты факторлар өрттің шығуының себептері болуы мүмкін. Ал автокөліктегі өрттердің шығу себептерінің ең кең таралған түрі – қысқа тұйықталу, энергия тұтынатын қондырғыларды қосымша пайдалану салдарынан электр жүктемеге шамадан тыс күштің түсуінен туындайды. Сондықтан оқшаулағыштардың жағдайы мен байланыстар сапасына аса назар аудару қажет. Электр жүйесіндегі барлық өзгерістер мен сымдардың біріктірілуін мүмкіндігінше білікті мамандар сапалы тексерулері тиіс.

Д.ТАЗАБЕКОВ,
Байқоңыр ауданы ТЖБ
аға инженері

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =