Көліктерге дезинфекция жасалды

0 48

Елордада қоғамдық көлік жүргізушілері күн сайын өз ауысымынан кейін автобусына дезинфекция жасайды. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер сүртіледі. Вирустың таралуының алдын алу үшін автобус салоны желдетіледі.Ал жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде арнайы залалсыздандыратын ерітіндімен ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. «Күн сайын өз ауысымынан кейін әр автобус кәсіпорын аумағындағы жуу орнына кіргізіледі. Қазіргі уақытта көлік жуылатын екі орын бар. Алдымен сырты жуылады, содан кейін барып автобус іші дезинфекцияланады. Дезинфекция күн сайын түрлі ерітінділер қосылып жасалады. Бұл ерітінді емханаларда, ауруханаларда, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, сол сияқты қоғамдық көліктерде қолданылады» дейді №1 автобус паркінің бас инженері Бауытжан Тілеуберген.
Тұрғындарды коронавирустан сақтау үшін автобус салондарында антисептиктер орнатылған. Көлік жүргізушілері мен қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын тағып жүреді.
Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлікте жолаушылар міндетті түрде бетперде тағуы керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =