КӨЛІКТЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

0 94

Астана қаласы  бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандаға қарсы  күрес  басқармасы жыл басынан бері  кедендік ереже бұзған 18  автокөлікті  құрықтады. Оның  ішінде 16  автокөлік  Қырғызстанда, 2 автокөлік Монғолияда тіркелген.

Автокөліктерді қолдану және басқару  деректері бойынша 18 әкімшілік құқық бұзушылық  іс қозғалып,  одан әрі Астана  қаласының  ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сотта қаралған істер бойынша  128094 теңге  көлемінде айыппұл салынды.  Сонымен қатар, кедендік  төлемдер  мен  салықтарды белгіленген  уақытта төлемегені үшін  5 іс қаралып, нәтижесінде 3 млн теңгеден астам айыппұл  салынды. Қолдан жасалған  кедендік  жолаушылар  декларация­сын  қолданғаны үшін 3  қылмыстық  іс  қозғалды.

 Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − one =