Көлік жылдамдығы төмендей ме?

0 17

Елорданың тұрғын үй алаптарының жеке секторында көлік қозғалысы жылдамдығын 40 км/сағатқа дейін шектеу мәселесі қарас­тырылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті хабарлады.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апатты жағдайларды төмендету мақсатында Полиция департаменті елорданың жеке секторының негізгі жолдарында (Ильинка, Үркер, Көктал, Агрогородок, Железнодорожный, Пригородный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино) ең жоғары жылдамдықты 40 км/сағатқа дейін шектеу туралы мәселені қарастыруда. Тәжірибелік нұсқада жаяу жүргіншілер өткелі ретінде пандус пайдаланылмақ. Ол жақындаған көліктің жылдамдығын төмендету үшін қолданылатын болады.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іс-шаралар құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, соның ішінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне әрі көлік жылдамдығы тәртібін орындауға байланысты қадамдарды іске асыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдауға сәйкес, 2020 жылдың 12 айында жоғарыда аталған тұрғын алаптарда 914 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 900-ден астам адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − six =