Көлік жүрісін кім реттейді?

Айтпайын-ақ деп едім...

0 65

Қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты сын жиі айтылады. Ол негізсіз емес.
Мысалы, №52 автобус келіп болмайды, сарылтып, күттіріп әрең көрінеді. Ескі әрі іші солярка мүңкіген №53, 50, 52 сияқты автобустарды жаңасына ауыстыратын уақыт келмеді ме? Әсіресе, №53 автобустардың бәрі дерлік өте ескі. Ол өзі «ЭКСПО» шағын ауданы (реабилитациялық-клиникалық кешен) жақтан келеді, содан сол жағалаудан өтіп, оң жағалауға, «Астаналық» базардың үстімен «Шарынға» барады, үнемі халық лық толы болады. Елорданың қоғамдық көліктерінің көбінің іші лас, терезесінің кірі баттасып, аялдаманы көре алмайсың. Оның үстіне жүргізушілер аялдаманы хабарлап отыратын жазбаны қосып қоюға да ерінеді.№60 автобус жаңа, қуанып мінесің, таңертеңгілікте жақсырақ жүреді, бірақ түске жақын «шаршайды», 10 мен 12 арасында келіп болмайды, автобус аз шығар да, жүргізушісі демалып алатын шығар деп топшылаймыз. Кейде автобустардың тату құрбылар секілді бірге жүретін кездері болады, оның бәрі қозғалыстың реттелмегендігінен. Мысалы, 19.01 сағат таңертеңгі 8 шамасында екі бірдей №40 автобус, екі бірдей №53 автобус бірінен соң бірі қосамжарласып келді. Мүмкін, олардың біреуі кептеліске тап болып қалған шығар да, екінші автобус соңынан келген шығар, дегенмен осы арада халық сарылып күтіп тұрды. Кей жерде жылы аялдамалар жоқ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =