КӨЛІК ТІЗГІНІН БІЛІКТІЛЕР ҰСТАЙДЫ

0 155

DSC_7982

Астанада қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігін жоғарылататын мамандандырылған орталық ашылды. Мұнда оқыту ісі халықаралық стандарттарға сай жаңа технологиялармен жабдықталған арнаулы бөлмелерде жүргізіледі.

Орталық түрлі санаттағы жүр­гі­зу­шілерді оқытып, дая­рлау, көліктік қызмет саласы мамандарының біліктілігін жоғарылату, кондукторларды оқыту, такси жүргізушілерін дайындау, қызметкерлерді бағалау, қызмет сапасын бақы­лау және қоғамдық көлік сала­сын­дағы қызметкерлерді бір базада біріктіру мақсатында ашылып отыр. Бұл жерде тек қана көлік жүргізушілері ғана емес, сонымен қатар, кондукторлар, BRT және көлік қатынасы мамандары тәжірибелерін арттыра алады.

Қазіргі шақта орталықта 23 қызмет­кер еңбек етіп жатса, оның 13-і – оқытушылар. Ал, оқыту нысаны төрт білім беретін және екі компьютерлік сыныппен қамтамасыз етілген. Ол жерде теориялық білімдерден бөлек, технологиялық кабинеттерде де тәжірибе жинау жағдайы қарастырылған.

Қоғамдық көлік жүргізушілері қыз­ме­ті­нің сапасын арттыру үшін екі заманауи мульти­­медиалық автобус-жаттық­ты­рушы қойылды. Сонымен қатар, электронды жүйе арқылы жолақы төлеуге де мүмкіндік туады.

Біліктілікті жоғарылату дәріс­тері төрт деңгейге негізделген.

Орталық бір айда 120 адам оқытып, жыл соңына дейін 1080 маманның біліктілігін жоғарылатуды жоспарға енгізген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =