КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

0 89

monyment291009a1b

Кеше «Қазақ елі» монументінің маңына декорациялар мен сахналар орнатылды. Соған байланысты, барлық мерекелік іс-шаралар аяқталғанша, Бай­тұр­сы­нов көшесі мен Нәжіме­денов көшесіндегі көлік қозға­­лы­­сы шектелді.

1 мамырда таңғы сағат 7-ден бастап, мерекелік іс-шаралар аяқталғанша, Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев көшесінен Шәмші Қалдаяқов көшесіне дейін, Байтұрсынов көшесі бойынша Б.Момышұлы көшесінен Аманжолов көшесіне (бұрынғы Обаған көшесі) дейін, Аманжолов көшесі бойынша Қошқарбаев көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін, Шәмші Қалдаяқов көшесі бойынша Сығанақ – Орынбор көшесінің көлік торабынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолдар жабылады. Сонымен қатар, 2-7 мамырда әскери техни­ка­ның қатысуымен әскери шеруге дайындық жат­ты­ғу­лары өткізіледі. Соған бай­ла­нысты бірқатар көшелер жабылатын болады. Олар: Тәуелсіздік даңғылы бойынша Мұңайтпасов көшесінен №46­ көшесіне (Хэлли Бэрри мектебі) дейін, Сарайшық көшесі бойынша Түркістан көшесінен М – 1 көпіріне дейін, Байтұрсынов көшесі бойынша Б.Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесі бойынша Б.Момышұлы көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін, Аманжолов көшесі бойынша Қошқарбаев көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін, Сығанақ көшесі бойынша Түркістан көшесінен М – 3 көпіріне дейін, Ш.Қалдаяқов М – 3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тоқпанов көшесі Шарль де Голль көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін жабылады.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 3 =