«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көлік кімге қолжетімді?

0 24

Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қайта іске қосылады.

Без названия (4)

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесиелеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, көпбалалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлерді, мұғалімдерді қолдау жөніндегі шараларды қосымша қамтитын жаңа бағдарлама әзірленетін болады. Сондай-ақ кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен «бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасы іске қосылады. Шарттарға сәйкес, көлік Қазақстанда құрастырылған және бір машинаның құны 15 млн теңгеге дейін болуы тиіс. Несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Соңғы қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 пайыздан аспауы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды