Көлік кептелісі кемиді

0 48

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордадағы Қабанбай батыр даңғылын жаңғырту жұмыстары 1 маусым күні басталады.Тиісті жұмыстар Есіл өзені көпірінен «НұрСұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына дейінгі аралықта жүргізіледі. Жобаның жалпы ұзындығы – 17,353 шақырым. Соның аясында «Салтанат сарайы» мен «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы арасындағы жолды 6-8 жолаққа дейін кеңейту жоспарланды. Бұған қоса, жаңғырту жұмыстарынан кейін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көліктік торап пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, аталған жолда жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.
Жоба құны – 88 млрд 985,9 млн теңге. Техникалық-экономикалық негіздемені «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС әзірлеген. Жұмыстарды екі мердігер ұйым атқарады. Бұл – China Xinxing Group Co Ltd компаниясы мен «СП Сине Мидас Строй» ЖШС консорциумы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =