Көлігіне қарай салығы

0 159

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік салығы қымбаттамақ. Бұл туралы мәлімдеген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев: «Қымбат көлік мінгендердің жағдайы жаман емесі анық. Олар салықты көбірек төлеуі керек. Сөйтіп, бюджет қоржынына 1 миллиард 700 мың теңге түсіруге болады» деген пікірде.Ресми мәліметке сүйенсек, елі­мізде 3 миллион 600 мың көлік бар екен. Олардың ішінде қозғалт­қышының көлемі 3 текше сантиметрден асатын көліктердің саны – 112 мың. Бұл – жалпы көліктердің 3 пайызы. «Қозғалтқыш көлемі үлкен көліктердің бағасы да қымбат. Бұл машиналардың иесі қарапайым адам емесі анық. Сондықтан салық көлемін ұлғайтудан олардың қал­тасына салмақ түсе қоймас» дейді министр.
Сонымен, қозғалтқыш көлемі 3-3,2 литр арасындағы көлiктiң иелерi жыл сайын 35 айлық есеп­тiк көрсеткiш көлемiнде салық төлемек. Қазір бір айлық есептік көрсеткіш – 1731 теңге. Демек, бұл – 60-61 мың теңгенiң ар жақ-бер жағы. Ал қозғалтқыш көлемі 3,2-ден 3,5 текше сантиметрге дейiнгiлер 46 айлық есептiк көрсеткiш, 3,5-тен 4-ке дейiнгiлер 66 айлық есеп­тiк көрсеткiш көлемiнде салық төлейді.
Бұған дейін қымбат машина мініп, оның салығынан жалтарып келген қулар көліктерін соғыс ар­да­герлері мен зейнеткерлердің, мүгедектердің атына аударып келген. Енді бұл қулық та жүзеге ас­пайтын сыңайлы. Соғыс ардагер­лерінен басқалардың атына жа­зылған көліктерге жеңілдіктер алынып тасталады дейді министр.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 15 =