Көлдерге күзет қойылды

0 8

Елорда маңындағы көлдер карантин аяқталғанға дейін күзетіледі. Санитарлық нормалардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен Көбейтұз көліне баратын екі автожолда тыйым салынған аумаққа кіруді және шығуды бақылау бойынша үш мобильді бекет қойылды.

Полиция экипаждары қосымша ­патрульдеуді көлдің жағалау аймағында жүзеге асырады. Карантиндік іс-шараларға барлығы 15 полиция қызметкері, СЭС пен аудан әкімдігінің өкілдері жұмылдырылды. Сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары жасанды бөгеттерді орнату бойынша жұмыстар жүргізді.
Тек алғашқы демалыс күндері ғана полицейлер 34 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 18 рет адамдар қоғамдық тәртіпті бұзып, 16 жағдайда жол қозғалысына қауіп төндірген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =