Көктем шуағы, жан жылуы

0 17

Далада көктем шуағы біліне бастады. Елордалықтардың да көңілдері көтеріле түскендей. Кеше сондай жанға жылылық берген іс-шараның бірі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. «Көктемнің шуағы, көңілдің жан жылуы» тақырыбында мәдени іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласында тұратын ерекше күтімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №13 бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілген шара барысында ата-­аналар балаларымен ырғақты әуенге би билеп, балалар аналарына өз қолдарынан жасаған құттықтау хаттарын ұсынып, гүл шоқтарын табыстады. Әрі қаламыздағы балалардан құралған «ММ» және «Искра» топтары өз өнерлерін көрсетіп қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар іс-шара аясында психологиялық тренингтер өткізілді. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазір 7 бөлімше тұрақты жұмыс атқарады. Мұнда психолог, дефектолог, логопед, реабилитолог, ортопедтар, невропатолог, сондай-ақ еңбек терапиясы мен музыкатерапия мамандары жұмыс істейді. «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын 8-наурыз мерекесіне орай құттықтау күнін өткіздік. Балалар да, аналар да қуанышқа бөленді. Біз үшін де бұл үлкен қуанышқа айналды» деді бөлімше меңгерушісі Аида Рысқұлова жүзіне күлкі үйіріліп.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды