Көктем сенбіліктен кейін сезіледі

0 149

Қалалық сенбілікке бірінші курс студенті атанғаннан бері қатысып келеміз. Алғашқы жылдары бізді қаланың шеткі аудандарындағы көшет­тердің түбін қоқыстан тазар­туға ертіп кететін – универ­ситет мұға­лім­­дері. Сол кездері тазалық өз алдына, достары­мыз­бен қала сыртына шығып, бір серуендеп қайтқандай бола­тынбыз. Кейін келе мұның ауқымды шара екенін түсін­ген­дейміз. Мысалы,­ таңер­тең сенбілікке бара жат­қан­да өзіміз жүріп өткен көше­лер қоқысқа белшесінен батып­ жатады. Кешке қарай үйге қай­тып­ келе жатқа­ны­мыз­да әлгі көше­­лер тазарып,­ көркі кіріп қал­ға­­нын сезесің. Сондықтан да,­ мен үшін көк­тем­ сенбіліктен кейін ғана сезіл­ген­дей болады.

Ғабиден Қуанышбай, магистрант­

Көптен күтетін күніміз

Біздің техникалық қызмет көр­сету орта­лы­ғында тазалықты тұрақ­­ты сақтап тұру – өте қиын шаруа. Ғима­рат­тың ішін тазалауын таза­­лай­­мыз ғой, бірақ, кей кездері сыртқы тазалық ақсап жатады. Оған көбіне клиенттеріміз себеп­кер­ болады. Бұзылған көлігін ТҚКС-на дейін сүйретіп әкеліп, аулада өз беттерімен жөндеуге кірі­­се­­­тіндер де болады. Ақауын тауып бергенімізге тиын-тебенін беріп жататын болған соң, оларға да кет дей алмайсыз. Бірақ, олар кеті­­сімен артында қаптаған қоқыс қалып жатады. Әркімнің уақыты ақша­мен өлшенетін біздің жұмыста ауланы ерікті түрде тазалайтын адам табу қиын, әрине. Осы сен­бі­лік болған күні ауламыздың ұңғыл-шұңғылына жиналып қалған қоқыс­тан бір арылып, серпіліп қала­мыз.

Халым Қуаныш, автоэлектрик

Көргені бар көшені ластамайды

Сенбілік – бүкіл қала халқының қатысуымен атқарылатын шара. Осындай тазалық шаралары неғұрлым көп болған сайын, тұрғындар көше тазалығына мән бере түседі деп ойлаймын. 

Себебі, жол бойындағы темекі тұқыл­да­рын, шекілдеуік қабығы, қағаз секілді қоқыстарды өз қолы­мен жинаған адам: «Өзіміз көшені ластамауымыз керек екен ғой» деп ойланады. Бір емес, екі-үш рет осындай шараға қатысқаннан кейін оның бойында көше мәдениетін сақтауға құмарлық оянып, қасын­дағы достарын да осыған шақы­руы мүмкін. Сондықтан, сенбі­лік­ке студенттеріміздің бірін де қалдырмай ертіп барамыз. Жұмыс істей жүріп, ақылымызды айтып­ жатамыз. Студенттер өзара әңгі­ме­лесе жүріп, «осыны өзіміз тас­тай­мыз ғой» деп жатқанын да естіп қалатын кезіміз болады. Осын­дай­ оқиғалардың куәгері бола жүре, мұндай шаралардың көбірек бол­ғаны дұрыс деген ойға келеміз.

Нұрлан Амангелді, аға оқытушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 11 =