Көктем кеш келеді

0 149

Астанаға жылдағыдай көктем кеш­ келеді. Синоптиктердің мә­лі­меті бойынша, наурыз айында елордада ауа райы салқындығын сақ­тайды. «Қазгидромет» РМК-ның бұл мәліметін astana.kz сайты жариялап отыр. 

Мәлім болғандай, күннің күндіз жылып, кешке салқындап – құбылмалы болуына солтүстік-батыс антициклонының енуі ықпал етпек. Соған орай, ауа температурасы түнде – 18 – 23 градус аяз болса, күндіз -7-ден -12 градусқа дейін төмендейді.

Бірінші онкүндіктің аяғында Оңтүстік Каспийден соққан циклон ауа температурасында айтарлықтай салқындық туғызады. Осы кезде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Термометр бағаны түнде 5-10 градус күндіз -2 – +3 градус аралығында құбылады.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + 9 =