«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

КӨКТЕМ ІЗГІЛІГІН ТАНЫТАТЫН АКЦИЯ

0 162

d3cc759874c050b8d8f470c266f

7 сәуірде М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сара­йында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жыл­дығына арналған «Көктемнің ізгі күндері – 2015» атты дәстүрлі патриоттық акция өтеді.

Акция Оқушылар сарайының фойесінде «Далалық пошта» – «Ардагерге жазылған хаттар» атты шарадан басталады. Бұл арқылы оқушылар ардагерлерге өздерінің ниет-тілектерін жеткізбек.

Сонымен қатар, фойеде соғыс жылдарына арналған фотокөрме ашылады, онда соқталаң жылдардың көрінісі ретінде ескі фотосуреттерді ғана емес, сол уақытта пайдаланылған заттарды да (ескі фотоаппарат, патефон, ескі фотоальбомдар) тамашалауға болады.
«Замандас» жастар халық театрының шәкірттері акцияға қатысушыларды суретке түсіреді.

 Акция аясында Оқушылар сарайы жанынан  майдан бригадалары құрылады, оған елорданың үш ауданындағы мектеп оқушылары тартылады.

Шара барысында оқушылар арнайы безендірілген шағын автобуспен ардагерлердің үйіне барып, «Далалық поштаға» жиналған оқушылардың хаттарын таратады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды