«Көктем-2013»

0 128

Астанада көктемгі кезеңде тасқын су басудан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алып, зардаптарын жою тақырыбына арналған «Көктем-2013» республикалық командалық-штабтық жаттығулар басталды. 

«Шығыста, солтүстікте және Қазақстанның орта­лы­ғын­да 20 наурыз бен 10-15 сәуір аралығында көк­тем­гі су тасқыны болуы ықтимал. Астанада да осы уақыт­та жағдай тым күрделі болмақ» деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов. Соған орай, екі күндік жаттығуда ауа райының күрт жылынуына байланысты ықтимал сценарийлер жасалып, тыңғылықты дайындық тағы бір пысықталмақ. Аталмыш жаттығуға орталық және жергілікті атқарушы органдар, республикалық және жергілікті төтенше жағдайлар қызметтері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы, сонымен қатар басқа да министрліктердің өкілдері қатысуда.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 12 =