«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Көкталға жаңа автобус қатынайды

0 213

16 қарашадан бастап «Көктал» тұрғын алабына №71 автобус қатынайтын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Көктал-2» тұрғын алабына «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін №71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсетеді.
Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының мәліметіне сәйкес, №71 бағдардың жүру сызбасы өзгереді. Нақтырақ айтсақ, автобустың «Көктал-2» тұрғын алабының бастапқы нүктесінен М.Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейінгі бағыты өзгеріссіз қалады. Ал М.Жұмабаев көшесімен тура солға – Балқантау көшесіне бұрылып, одан әрі қарай әдеттегідей жүреді. Кері бағытта бұрынғы жолынан айнымайды.
16 қарашадан бастап «Достық» ОДО – «Астана жұлдызы» сынтасы бағытындағы №18 бағдары бойынша автобустар саны он алтыдан жиырмаға көбейіп, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды