Көкталдықтарды қуантты

0 61

Елорда мәслихатының депутаты Талғат Қожахметовке «Көктал» тұрғын алабының тұрғындары Алмалық көшесі бойында, №41 орта мектепке қарама-қарсы тротуар салу өтінішімен бірнеше рет шықты. Қазір осы мәселе тиянақталып қалды.

Тротуардың болмауынан жаяу жүргіншілер жолдың шетімен жүруге мәжбүр. Оқу жылының басталуын, оқушылар көше бойымен жүретіндігін ескеріп, депутат бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына бірнеше депутаттық сауал жолдады. Басқарма басшысы Жансұлтан Сапарбаевпен бірге «Көкталға» барып, мектеп директорымен әңгімелесіп, талдау жасады. Қорытындысында «Жол картасының» жоспары қайта қаралды. Бұрын басқарма тротуар салу жұмысын 2022 жылға жоспарланған. Депутатпен әңгімеден соң, жаяу жүргіншілер жолының құрылысын биыл бастауға уәде берді.
Талғат Қожахметовке жеке қабылдау кезінде жұмысқа тұрғызу өтінішін адамдар жиі айтады. Жақында депутат «Baby Time» бала күтушілердің заманауи академиясының жетекшісі Ирина Ткаченкомен кездесуде әйелдерді күтушілікке үйрету мәселесін талқылады.
Биылғы мамыр айында аталмыш академия бала күтушілердің алғашқы тобын оқытып, жұмысқа тұрғызды. Академия жетекшісі мен депутатпен болған әңгімеде «Көктал» тұрғын алабында тұратын жұмыссыз әйелдерді тегін оқыту мен жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылданды.
– Бұл бастама әйелдерге жаңа, сұранысқа ие мамандықты игеруге және жоғары жалақы төленетін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Осындай жобаларға қатысып, қамқор адамдармен ынтымақтаса алғаныма қуаныштымын, – дейді Т.Қожахметов.
Осының алдында ІІІ топтағы мүгедек, көпбалалы ана Аягөз Шнайдер тігін цехын ашуға депутаттан көмек сұраған. Қала әкімдігінің қолдауымен биылғы маусым айында ол бизнесін бастады. Бірақ 100 пайыз мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін цехқа кейбір құрал-жабдықтар, жиһаз осы күндерге дейін жетіспеді. Талғат Қожахметов бұған бейжай қарамай, керегін алып берді. Соны жеткізіп, цехты аралап, қуанышқа бөленген жұмысшылармен сөйлесті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =