«Көктал» көріктенеді

0 49

Елорда көркінің сұлулығына сән қосатын тағы бір саябақ «Көктал» тұрғын алабы тұрғындарының серуендеп, демалып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін болады.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жобасы аясында салынып жатқан бұл сая­бақ үш аймақтан тұрады. Оның ішінде тыныш демалыс аймағы, амфитеатр, футбол, волейбол, баскетбол, теннис, скейтборд және йога алаңдары болады. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу да жоспарланып отыр.
«Тұрғындармен кездесулерде, азаматтарды қабылдау барысында олар саябақтар мен тынымбақтарды абаттандыру мәселесін жиі көтереді. Сондықтан тұрғындар алабын дамытуға көп көңіл бөлеміз. Қазір қалада 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып жатырмыз. Бұл бұқаралық спортты дамытып, жастардың денсаулығын нығайтуға көмектесетін болады. Бұл саябақтар тұрғындардың сүйікті орындарының біріне айналуы үшін жұмысты сапалы орындау қажет. Автоматты суару жү­йесін ойластыру керек» деп жазды елорда әкімі ­Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =