«Көктал-1» қалай газдандырылып жатыр?

0 88

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі газдандыруды жүзеге асыру аясында тұрғын алаптарды бірнеше секторға бөліп, бұл жұмыстың барысын тексеріп жатыр.Аудан әкімі Есет Байкен «Көктал-1» тұрғын алабындағы Басықара батыр-Тілендиев-Келешек-Күршім көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
«Көктал-1» тұрғын алабының көшелерін газбен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтінім беруде. Қазіргі таңда аталмыш тұрғын алапта 15 мекенжай газға қосылды. 500-ге жуық абонент техникалық шарттарды алды. 200-ге жуық абонент монтаждау жұмыстарын, яғни желіге қосу, қазандықтарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Алдағы аптада тағы 15 мекенжай газбен қамтылатын болады» дейді аудан әкімі.
Газдандыру аясында тұрғындар «Халық банкінен» пайызсыз несие, сондай-ақ, әлеуметтік көмек ала алады. Жалпы осы аудан бойынша қазіргі уақытта 235 мекенжай газға қосылды. 1100 абонент техникалық шартттарын алып, монтаждау жұмыстарын бастаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + nine =