КӨКПЕКТІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

0 156

73727ca73f64ec6ba3602d044ba53ae5_big

Қарағанда облысының Көкпекті ауылында орын алған апат зардаптарын жоюға бүкіл қазақстандықтар жұмыла ат салысуда. Астана қаласы әкімі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, астаналық әкімдік алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, су тасқынынан зардап шеккендерден қажетті тауарлар тізімін сұратты.

Табиғат апатынан жапа шеккен қарағандылықтарға Астанадан жөнелтілген аса қажетті заттар қатарында куртка, аяқ киім, іш киім, шұлық, бас киім, кеудеше, жейде, шалбар сынды киімдер жиынтығы,  сондай-ақ, тіс пастасы, иіс және кір сабын, сүлгі, кір жуғыш ұнтақ пен басқа да жуу құралдары, көрпе, матрац, жастық, төсек-орын, электр шәйнегі мен жылытқыш жабдықтары бар.

Ауыл тұрғындарының көкөніс қорларын сақтаған жертөлелері мен жерқоймаларын су басқандықтан, Астанадан картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз жөнелтіледі. Сонымен қатар, ауыл адамдары ұн, макарон өнімдері, қант, дәнді-дақылдар, консервілер, сүт (консервіленген), қораптағы сары май, сұйық май, қорапшадағы сорпалар, тұз, бұрыш, шұжық, консервіленген етпен қамтамасыз етілмек.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + twenty =