Көкпар федерациясының кубогі өтті

0 61

Елордада ұлттық ат спорты түрлерінің кезекті маусымы ашылды. Дүбірлі дода қала іргесіндегі «Қазанат» атшабарында басталды. Байрақты бәсекеге барлық өңірден 13 команда қатысты.
Тақымы мықты шабандоздар топтық ойында іріктеледі. Ал финалдық тартыс 5 шілдеге жоспарланған. Жарыстың жүлде қоры – 12 миллион теңге. Турнирді өткізуге ұлттық спортқа жанашыр жомарт азаматтар демеу болған. Айта кету керек, ойынды тамашалауға келгендер алаңға Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.
– Осы жарыстың соңында біздің жұлдыздарымыздың, өнер өкілдерінің «Өнер көкпары» дейтін сайысы болады. Елге есімі таныс азаматтар осы көкпардың алаңында шаңын шығарып, додаға түседі. Бұл 2-4 шілде күндері өтеді. Сондай-ақ 5 шілде күні бәйгенің жеті түрінен осы жерде республикалық турнир өтеді. Қазақстанның ең үздік дүлдүлдері мен жүйріктері бас қосып, кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын болады, – дейді Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − nine =