Көкейкесті мәселелер көтерілді

0 104

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты Жолдаудың басым бағыттарын көпшілікке жеткізуге, оның нақты орындалуына үлес қосуда.

Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау жүйесін жетілдіру үшін қатардағы құқық қорғау қызметкерлерінің тәрбиесіне айрықша назар аудару қажеттігін қадап айтқан еді. Осы орайда аталмыш ауданға қарасты Ішкі істер басқармасында Елбасының Жолдауын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды. Оған республикалық ақпараттық-насихаттау топтарының мүшелері: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департаментінің директоры Файзолла Бисмилдин мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі бөлім меңгерушісінің орынбасары Әлихан Жамсатов қатысты. Пікір алысу барысында білікті кадрлар құрамын жасақтау, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру жайы сөз болды. Сондай-ақ, аталмыш салаға қатысты бірқатар мәселелер қозғалды. Жолда жүру ережелерінің жиі бұзылуы, жол полицисының сыбайлас жемқорлыққа баруы төңірегінде әңгіме болмай қалған жоқ. Сондай-ақ, кездесу модераторы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрғожина кезекті Жолдау ел өмірін одан әрі жақсарту жолында үлкен маңызға ие болатынына сенім білдіріп, іргелі құжатта Елбасы алдағы онжылдықтарға айқын әрі қолжетімді мақсаттар белгілегенін атап өтті.

Мұндай маңызды шара №1 балалар музыка мектебінде де ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы Жолдауға қолдау көрсетіп, ой бөлісті. Әлеумет алдында сөз алған Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов «Жолдауда барлық сала бойынша модернизациялау жүргізу туралы айтылған. Соның ішінде білім беру жүйесін реформалау жөнінде жақсы айтылды. Осы тұрғыдан қарағанда еліміздің барлық білім беру жүйелерінде бұл жұмыстар көптеп жүргізілуде. Қаламыздағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базамен, оқулықтармен қамтылу, мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін шыңдау бағытында соңғы бір жыл ішінде көптеген жаңалықтар болды. Оның бер жағында білімнің қолжетімділігі бойынша денсаулығына байланысты мектеп қабырғасына бара алмай отырған балаларды немесе мектепке дейінгі ұйымдарға жете алмай отырған балдырғандарға білім беру мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған. Мұның бәрі білім саласын жаңғыртуға жатады, – деді. Сол себепті ұстаздарды жаңа заман талабына сай үнемі ізденісте болып, білім көкжиегін кеңейтуден қалыс қалмауға шақырды.

Келесі кездесу аталмыш ауданға қарасты Ақмола вагон жөндеу зауытында өтті. Үгіт-насихат тобы түрлі мәселелер бойынша туындаған сауалдарға нақты жауаптар беріп, кездесуге қатысушылар Елбасы бастамасын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын жеткізді.

Елбасы Жолдауын М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясы АҚ Ақмола колледжінде және Электр жүйелерін басқару жөніндегі АҚ Ақмола жүйеаралық электр тораптары филиалының еңбек ұжымдары да мақұлдады. Жиналғандар «Жолдаудың ерекшелігі – еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін стратегияның қабылдануы. Мұндағы міндеттер елі мен халқы үшін қызмет ететін тұлғаларға үлкен жауапкершілік жүктейді», – деп атап өтті. Жиын соңында басқосуға қатысқандардың барлығы Жолдауда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарды орындау жолында аянбай еңбек етеміз деп қорытындылады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =