Көк туды желбіретті

0 11

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік шара өтті.Іс-шараға ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының жетекшісі О.Қарабаев пен Байқоңыр ауданының әкімі Н.Нұрсағатов қатысты. Салтанатты шарада «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз, барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 7 =