КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕР ШАҚ АЛДА

0 133

1360443427_gbo-avtomobilya

Газды пайдалану – экономикалық тұрғыдан ғана емес, экологиялық тазалығы жағынан да тиімді. Астана қаласы біртіндеп көгілдір отынға көше бастады.

Экологиялық таза отынды алдымен елордалық қоғамдық көліктер пайдалануда. Былтыр Президент күні қарсаңында ел игілігіне жараған «Экотаксилер»  тегіс газ­бен жүреді. Ал, биыл қала билігі сұйытылған отынмен жүретін 350 автобус сатып алмақшы. Бұл жолаушы көліктерінің 200-і Астана күні қарсаңында жеткізіледі деген жоспар бар. Ал, қалған 150-і 2014 жылдың соңына дейін әкелінетін болады.

Көліктерін көгілдір отынмен жүргізе бастаған Аста­на­ның өзіне газ қашан келеді? Бұл сауал, әсіресе, қаланың шеткері аймақтарындағы жұртшылықты тол­ған­дырып жүргені анық. Ағымдағы жыл­дың аяғына қарай «Қаз­мұ­найгаз» ҰК Астанаға магистральды газ құ­бырын тартуды және автоматтандырылған екі газ тарату станасасы құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Егер газбен қамтуға арналған алғашқы жобалар сәтті аяқталса, алдымен шеткі аймақтағы жеке тұрғын үй секторлары мен Индустриалдық паркте көгілдір отын лаулайтын болады.

Жалпы алғанда,  қалаға 1,2 млрд текше метр газ қажет көрінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − nine =