Көгалдандыруға үлес қосуға шақырды

0 25

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы көгалдандыру жоспары туралы мәлімдеді.«Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер «жасыл аралдарға» айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан астам, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз. Бұл жасыл «оазис» қаласын құруға мүмкіндік береді. Қаланың барлық аудандарында соңғы бірнеше апта бойы «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. «Астана Балет» маңындағы аумақта ағаш отырғызуға қатыстым. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық мүшелерімен бірге Нұр-Астана мешітінің жанына ағаш отырғыздық, сондай-ақ әріптестерімізбен бірлесіп, ботаникалық бақта ағаш отырғыздық. Бұл жұмыс­тарға қала тұрғындары мен еріктілер белсенділер қатысуда. Алғыс айтамын!» деп өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ қала әкімі ­кәсіпкерлерді, СОО/СО/ШОБ басшыларын, ОСИ (ПИК) басқару­шыларын іргелес жатқан аумақтарды белсенді көгалдандыруға шақырды. Осылайша, нысандардың эстетикалық келбетін жақсартып, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға да елеулі үлес қосатынымызды айтты.
«Тек саябақ аумақтарын, тұрғын үйлер мен аулаларды абаттандырып қана қоймай, сонымен қатар қаламыздың көрікті жерлерін де көгалдандырамыз. Мысалы, «Астана Опера» аумағында емен бағы, Триатлон саябағында сирень бағы болады. Саябақтарда, скверлерде, бульварларда суа­ру жүйесі 5 есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтандағы экологиялық аймақтар саны жыл сайын өседі.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ел мен қалаларды ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті» деп жазды елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − ten =