КӨБЕЙІП КЕЛЕМІЗ

0 127

IMG_8333

Астана қаласы Статистика департаментінің мәлімдеуінше, елордада ресми тіркелген тұрғындардың саны 814 401-ге жетті

2013 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 36203 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 4299 адамға, Есіл ауданы бойынша – 11065 адамға, Сарыарқа ауданы бойынша – 20839 адамға көбейді.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың табиғи өсімі – 18324 адамды, көші-қон өсімі – 17879 адамды құрады.

Аталған кезеңде 21861 нәресте дүниеге келді, бұл бұрнағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға артық.Осы аралықта қалада 3537 адам қайтыс болды, бұл 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 0,8 пайызға көп.

Қаңтар-желтоқсанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 196 жағдайы тіркелді, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27 жағдайға аз. Сәбилер өлім–жітімінің коэффициенті 8,97 (2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 11,23) құрады.

Өлім-жітімнің негізгі себептерінің арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары (34,9 пайыз), қатерлі ісік  (18 пайыз), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану  (15 пайыз) алады.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, бұрнағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға, ажырасулар саны 15 пайызға артты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + five =