«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Климаттың өзгеруі – қауіп

0 274

Елордада «Астананың төмен көміртекті дамуға көшуінің әдіснамасы мен тетіктері» атты тақырыпта семинар өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қатысты.

Жиынның мақсаты – бас шаһардың төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясының әдіснамасын әзірлеу туралы жұртшылықты хабардар ету және Париж климаттық келісімі аясында іске асыру тетіктерін талқылау көзделген.
Семинарды елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұха­мет­ов ашып, ол өз сөзінде кли­­маттың өзгеруі қаланың қа­лыпты өміріне үлкен қауіп туды­ратынын жеткізді.
– Астана әкімдігі парниктік газдар мен қалдықтар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігін арттыру және халыққа экологиялық білім беру үшін ұзақ мерзімді стратегия­лық шаралар әзірлеу туралы шешім қабылдады. Бүгінде қаладағы ЖЭО-2-да кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Былтыр №2 қазандық іске қосылып, қалдықтар шығарындылардың көлемі азайды. Бұл бағыт та жұмыс әлі де жалғасады. Жуырда осы сала бойынша үш жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіледі. Бірлесіп жұмыс істеу үшін оған қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйым­дарды қосып отырмыз. Қазір қалаға сұйық отын тарту мәселесі жан-жақты талқылануда. Біз «ҚазТрансГазАймақ» компаниясымен меморандумға келіп, аталған акционерлік қоғамның инвестициялық есебінен 2019 жылдың соңына дейін газ құбырын өткізсек деп отырмыз. Ең алдымен ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің ыстық су қазандықтарын газға ауыстырамыз. Одан кейін ЖЭО-1 ауданында орналасқан Көктал-1, Көктал-2 және Н.Тілендиев көшесінің бір бөлігін сұйық отынмен қамтамасыз етеміз. Мұның барлығы экологияның жақсаруына септігі тиеді деп ойлаймын, – деді әкім орынбасары.
Шара аясында ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зұлфыһар Жолдасов, Азия даму банкінің өкілі На Вон Ким, Қазақстан экологиялық қауым­дастығы президиумының мүшесі Салтанат Рақымбекова сөз алып, еліміздегі төмен көміртекті дамуға көшу шеңберінде оның даму стратегиясын әзірлеу, халықаралық ұйымдардың қаржылай және сараптамалық көмегі, шешімдер мен жобаларға азаматтық қоғамның қатысуының маңыздылығын баса атап өтті.
Сондай-ақ, семинарға алыс­тан әдейі ат арытып келген Азия даму банкі тұрақты даму және климат бойынша маманы Фредерик Асселайн, Ресейдегі жоғарғы экономика мектебі орталығының директоры Георгий Сафонов, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Томас Хельм қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жиын қорытындысында қалалық әкімдіктің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына Азия даму банкінің қолдауымен елорданың төмен көміртекті дамуға көшу стратегиясының әдіснамасын негіздеу үшін халықаралық және ұлттық сарапшылардан құралған жұмыс тобын құру, мәслихат және қоғамдық кеңес­пен бірлесіп, бас шаһардың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын талқылауға қоғамдық тыңдау­лар ұйымдастыру жайында ұсыныстар айтылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды