Кличко қиналмай жеңді

0 136

Мәскеудің «Олимпийский» спорт кешенінде кәсіпқой бокстың мықтылары украиндық Кличко мен ресейлік  Поветкин арасында  жекпе-жек өтті. Бұл әлем жанкүйерлерінің көптен күткен айқасы болатын. Алайда күткеніміздей алапат айқас көре алмадық.Владимир Кличко өзінің өте тәжірибелі боксшы екенін дәлелдеп берді. Жекпе-жек барысында Поветкинді үш рет нокдаунға жіберген украин боксшысы он екі раунд бойы өзінің басымдығын көрсетіп, аса қиналмай жеңіске жетті десе болады. Сөйтіп төрешілер алқасы жеңісті Кличкоға берді. Ал, орыс мықтысы кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Кличко WBA тұжырымы бойынша абсолютті чемпион, ал IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 4 =