Классикаға саяхат

0 33

«Астана Опера» театры «Опералық классикаға саяхат» атты гала-концертімен өзінің VIII маусымын ашты. Мазмұнды бағдарламаны шектеу талабына сәйкес әзірге тек 50 адам тамашалады.

Концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова келді.
Театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаев мәдени кеш алдында театрдың тартымды да қызықты бағдарлама әзірлегенін және оған негізгі репертуардағы «Абай», «Дон Карлос», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», «Севильдік шаштараз» сынды опералардан көріністер мен ария­лар енгізілгенін айтты. Екі күн өткен концертке театрдың түгел дерлік солистері, хор әртістері, оркестр музыканттары мен миманс қатысты.
– Барлығы асқан құлшыныспен, зор қуанышпен жұмысқа кірісе кетті, бәрі де жұмысын сағынған. Өнерімізді көрермен қауымға сыйлағымыз келеді. Ұлы Абайдың 175 жылдығында бағдарламаға А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсынан көріністерді енгіздік, – деп атап өтті маэстро.
Көрермендер өздері болмаған кезде театрда орын алған өзгеріс­терді көрді, фойенің барлық жерінде санитайзерлер орнатылған, залдағы креслолар шахмат тәртібінде орналасқан.
Өзгерістер оркестр музыканттарының отыру ретіне де әсер еткен, санитарлық нормаларға сәйкес аспапшылар бір-бірінен бір жарым метр қашықтықта жайғасқан. Мұндай арақашықтықта музыканттардың мінсіз ансамблін жасау қиын, дегенмен әртістер бұл тапсырманы мүлтүксіз орындады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 14 =