КІТАПТЫҢ АТЫ – «АСТАНА АҚШАМЫ»

0 24

Биыл «Астана ақшамы» және «Вечерняя ­Астана» газеттерінің жарыққа шыға бастағанына 30 жыл толды. Осы мерейлі белеске орай журналист Ғалым ­Қожабеков «Астана ақшамы» атты кітап жазып, «Еlorda Aqparat» компаниясында жаңа басылымның беташары өтті.

Кітапта «Ақмола ақиқатынан» бастап «Астана ақшамы» болып шығып келе жатқан басылымның 30 жылдағы даму жолы, редакцияда қызмет істеген журналистер мен бас редакторлардың естеліктері баяндалған. Автор газеттің елорда өміріндегі ақжолтай оқиғаларын да дерек-дәйектермен айшықтап көрсете білген.
Көпшілікке арналған кітапты астана тарихының жылнамасына қосылған құнды еңбек деуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − four =