Кітапқа құштар жеткіншектер

0 136

Еліміздегі мектеп оқушылары арасында өткен «Кітап оқығанды жақсы көремін» атты республикалық байқау аяқталды. Бұл сайысқа қатысқан балалардың бірі кітаппен жаттығу жасап, сонымен бірге оянса, енді бірі тәртіп сақшысының кейпіне еніп, шағын сюжет түсірген.

Халықаралық EDU Stream оқу орталығы мен Express Publishing баспасы ұйымдас­тырған байқауға еліміздің әр өңірінен 0-сыныптан 11- сыныпқа дейінгі оқушылар қатысып, олардан 150-ге жуық бейнеролик түсті. Бір минуттық роликте өздерінің кітап оқуға деген сүйіспеншілігін түрлі жолмен жеткізген жеткіншектер сюжетке сценарий жазып, бейнемонтаж жасауды, өздерін камера алдында еркін ұстауды үйренді.
Былтыр 14 желтоқсанынан биылғы 1 ақпанға дейін созылған байқауда қазылар алқасы жеңімпаздарды екі бағыт бойынша бағалады.
Қызықты сайыс нәтижесінде бас жүлдені Өскемен қаласындағы № 30 мектептің бірінші сынып оқушысы Кирилл Егоров жеңіп алды. Ол өзінің физика пәніне деген құштарлығын әсерлі жеткізе білген. Ал инстаграмда ең көп лайк пен пікір жинаған Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының №6 мектептің бесінші сынып оқушысы Алмас Таласхан «Көрермен көзайымы» атанды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға ризашылығын айтып, кітапқа құштар жеткіншектердің болашағына ақ жол тіледі!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 2 =