Кітапханашы – оқырман қызметкері

0 86

Нұр-Сұлтан қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» карантин жағдайына қарамастан мерекелік және атаулы күндерге байланысты шаралардың аясында түрлі тақырыптар бойынша оқырмандар үшін қызмет көрсетуді жалғастыра берді.Күні кеше өткен Мемлекеттік рәміздер күніне орай №10 көпшілік кітап­хана ұжымы оқырман қауымға елдігіміздің басты нышандары туралы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Осы орайда Елтаңба авторы, көрнекті сәулетші Жандарбек Мәлібековпен өткен кездесу оқырман үшін үлкен олжа болғаны сөзсіз. Мазмұнды да мағыналы сұхбат барысында оқырмандар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар, Халықаралық балалар қорғау күніне орай «Бар жақсылық балаларға» тақырыбында «Айтшы, Әжетай» журналының редакторы Сандуғаш Нұрқановамен кездесу ұйымдастырды. Онда балдырған оқырмандар журнал ішіндегі танымдылық айдарлармен таныса отырып, интеллектуалдық ойындарға қатысып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Балалар өз кезегінде өз шығармаларын журналға ұсынды. Кітапхана оқырманы әрі жанашыры Күлзипа Құралқызы әже де өз үлесін қосып, бата тілегін жолдады.
Аталмыш мекеменің аға кітапханашысы Әсел Омаш пен кітапхана қызметкері Динара Кабдрахманова жас бүлдіршін және орта буын оқыр­мандарын «Ынтымақ», «Шедевр», «Дарындар әлемі», «Бала шабыты», «Жұлдызды қолтаңба», «Алаш» республикалық және халықаралық байқауларға қатыстырып, биік белестерді бағындырып, кітапхана мерейін өсіріп жүр.
Қазіргі таңда кітап­хана ісі заман талабына қарай күрделеніп, әрбір қызмет аясында жаңа технологияларға негізделген жұмыс жүйесі атқарылып, кітапханашы мамандығын жаңа бетбұрысқа қалыптастырып келеді. Кітапхана оқырман үшін қызмет ететін мекеме екенін ең басты міндетіміз деп білеміз.

Сағаткүл
СЕЙДАХМЕТОВА,
№10 көпшілік
кітапхананың бөлім меңгерушісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =