КІТАП – РУХАНИ БАЙЛЫҚ КІЛТІ

0 240

китап фест

Абай ескерткішінің жанында Астананың 16 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел – Қазақ елінің ұлттық болашағы» атты кітап және поэ-зия мерекесі өтті. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осындай атаумен кітап көрмесін, ал қаладағы баспалар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

«Мәңгілік Ел – ұрпақтар сабақтастығы» атауын алған әдеби променанадқа қатысқан ақындар елдіктің рухындағы өлеңдерді оқыды.

«Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдарының басын біріктіріп отырған «Жас өркен»серіктестігі биылғы жылды Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев – «Үш бәйтерек» жылы деп жариялаған еді. Осындай атаумен зияткерлік көркемсөз сайысына республикалық, қалалық оқулардың жеңімпаздары, мүмкіндігі шектеулі балалар, мектеп оқушылары қатысты.

Осы жылдың сәуір айында 10-16 жас шамасындағы мектеп оқушылары үшін «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбына мүшәйра жарияланған. Оның жеңімпаздары поэтикалық марафон арқылы өз туындыларын елорданың туған күніне тарту етіп, қала әкімдігінің арнайы сыйлықтары, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Астана қаласының Қуыршақ театры кітап және поэзия мерекесін театрландырылған көріністерімен әрлендірді. «Оқы Астана» акциясында қаладағы кітапханалар туралы ақпараттық буклеттер, кітаптар тегін үлестірілді.

Мерекені Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері флеш-мобпен аяқтады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − one =