КІСІЛІК ЖОЛЫ

0 147

Жақсы адам атану – Жаратушыдан, жаратылыстан. Жаратушы – абсолют. Жаратылыс деген ата сүйегінен, оның ықыласынан, ана сүтінен, оның мейірімінен және туған топырақтан болса керек.

Жаратылыстан енген ізгілік жақсы адамның жасына жас қосылған сайын, оның болмысында сағыныш сезімін оятпақ. Ол сезім адамның туған топырағына, еліне, ет бауыр туысы мен әке-шешесіне таралып кете бермек. Бір сөзбен айтқанда, жақсы адам деген – сағыныш!

Мерейтой – іс-шара ретінде, сірә, жақ­сы,­ жайсаң жанға деген жұрт са­ғы­ны­шын білдіру.
Сағыныштың құрметке айналуы – нағыз қуа­ныш!
Кенжеғали мырза, қуанышыңыз, мерей­тойы­ңыз құтты болсын!
75 – азаматтың кемел жасы. Оңтүстік Аф­ри­­ка республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті Нельсон Мандела 75 жасында ел басшысы болып сайланған.
Байқайсыздар ма, 75 жас ел билейтін кемел жас. Алда 80 деген парасат жасы, ақсақал жасы бар. Одан әрі жырау Жамбылдың жасы, ақиқат жасы бар. Сөз қысқасы, алда телегей-теңіз, мағыналы, үбірлі-шүбірлі, несібелі, берекелі, көрікті ғұмыр бар.
«Азамат» дегеннен шығады. Ғалым Шо­қан­ Уәлиханов «азамат» деп енші алып, өз тәу­ел­сіз­дігіне қолы жеткен адамды айтқан екен.
Академик Кенжеғали Сағадиев – өз тәу­ел­сіз­ді­гіне жеткен, азаматтық міндетін орындаған, мақсаты айқындалған, арманына құрық сал­ған­ адам.
Ол – бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің жүгін көтерген нар тұлға!
Грек мифологиясында мұндай жандарды «атланттар» деуші еді.
Құдайға шүкір, Қазақ жерінде, елінде «ат­лант­тар» кеше де болған, бүгінде де бар,­ ер­тең­ де болмақ, соның бірі, алдымыз­да­ отыр-­ған замандасымыз – академик Кенжеғали Сағадиев.
Аса қадірлі Кенжеғали мырза, сіз больше­визм­ саясаты елді де, жерді де жалмап тұрған оты­зын­шы жылдардың соңында дүние есігін аштыңыз. Қуаныш дегеніміз серпілген бір­ қай­ғы­ десек, қуаныш сіздің дүниеге кел­ге­ні­ңіз,­ ал заман болса, жүдеп тұрды. Онысымен қоймай, 1941-1945 жылдары жойқын соғыс болды. Балалық балдәурен көзден бұлбұл ұшып, тым ерте есейтіп, ес жинау қажет бол­ды.
Сіз жасымадыңыз, Шоқан айтқандай, тә-у­ел­сіз азамат атануға бет алдыңыз, жолыңыз болды.
Екі ғасыр тоғысы, екі қоғам тайталасы кім­ге­ бол­сын сынақ болды, ғасырдан ғасырға, қо­ғам­нан қоғамға өте алмай қалғандар қаншама! Өздері ХХІ ғасырда, ой-санасы ХХ ғасырда қал­ғандар да жеткілікті.
Сіз болсаңыз, академик Кенжеғали Саға­диев,­ еге­мен елдің мемлекет және қоғам қай­рат­ке­рі атанып, замандастарыңыздың ортасында ел, жұрт құрметіне бөленіп отырсыз.
Мен білетін академик Кенжеғали Сағадиев не болса да, туған халқымен бірге көріп келе жатқан кемеңгер жан!
Жаратушы берген ғұмыр бар. Адамдар, біз­дер ойлап тапқан ғұмыр бар, оны қоғам дей­міз, оның сыры да, жанды жері де – эконо­ми­ка.
Осы қоғам сырын, оның жанды жерін зерттеуге алдыңызға жан салмай еңбек етудесіз, ел ішінде елеулі оқиға болса, академик Сағадиев не айтар екен деп құлақ түреміз. Айтқанын тыңдап, жазғанын жабыла оқимыз.
Бұл – өнегелі іс.
Жаратушы, сірә, сізге баянды ғұмырды өнегелі істер атқару үшін берсе керек!!!
Өнегелі өмір кімдердің қолынан келмек.
Хакім Абай айтқан, «пайда, мақтан, әуес­қой»­ сияқты шайтан істері өрмек құрып, қан­ша­ма жанды азапқа салып жатыр емес пе?
Қадірлі қауым, ат жалын тартып мінген аза­мат­тың­ ал­дын­да екі жол тұрмақ. Бірі – адам­ның­ ай­ла­сын табу жолы, екіншісі – кісіліктің жолы.
Сөз соңында айтарым, академик Кенжеғали Сағадиев – кісілік жолына түскен, Қазақ елінің көркіне айналған ғалым, мемлекет, қоғам қай­рат­ке­рі.

Ғарифолла ЕСІМ,
жазушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 19 =