КІШКЕНТАЙЛАР КӨРМЕСІ

0 118

ERA_0657

Тұңғыш Президент мұра­жайында «Сүйемін сені, Астана» атты дәстүрлі фестиваль өтті. Плакаттар көрме-байқауын Тұңғыш Президенті мұра­жайы, ЮНЕСКО-ның Балалар көркемсурет мектеп-клубы мен Новосибирск қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы және Ресей мәдениет қоры Новосибирск филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге қазақстандық және ресейлік оқушылардың үздік 100 туындысы қойылған. Балабақ­шалар, балалар үйі, мектептер, лицейлер, гимназиялар, балалар шығармашылық үйлерінің әр түрлі жастағы жеткіншектері қылқалам шеберлері туындыларында әлемді, қоршаған ортаны өздерінше түсініп, үлкендер көңіл бөле бермейтін елеусіз оқиғаларды, құбылыстарды бояу арқылы берген.

ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы директорының орынбасары Күлайша Ақтаеваның айтуынша, аталған шара Отанына адал еңбек етіп, игі істерді атқаруды көздейтін азаматты тәрбиелеуге бағытталады.

Ал, көрмеге келуші ата-аналар, қонақтар жас қылқалам шеберлерінің туындыларына тәнті болғандарын, олардың болашағынан зор үміт күтетінін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + thirteen =