КІШКЕНТАЙ ҚҰТҚАРУШЫЛАР

0 160

3

Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында жарыс өткізді. Оқушылардың қатысуымен өткен «Дәрмен» сайысына №3, №8, №16 және №54 мектеп шәкірттері қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген №54 мектеп-лицейдің директоры Ғалияш Қуанышбекқызы мен Алматы аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марғұлан Аманбаев сайыс­тың мақсатын түсіндіріп, қатысу­шы­ларға сәттілік тіледі.

Төрт кезеңнен тұратын сайыста таныстыру, сұрақ-жауап, көңілді старт және сурет салу өнері ортаға салынды. Әр кезеңде залда отырған жанкүйерлерге төтенше жағдайдың алдын алу жолдарын білуге септігін тигізетін көріністер қойылды. Төтенше жағдай кезінде алғашқы көмекті көрсету мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен, сайыс қорытын­ды­сында №16 мектептің кішкентай құт­­қа­ру­­шылар тобы жеңімпаз атанды.

Ажар АХМЕТОВА,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × four =